«Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы бағытындағы семинар практикумы

2024 жылдың 15 мамыр күні «LauRus» балабақша гимназиясында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының 07.09.2022ж №713 бұйрығы негізінде құрылған мектепке дейінгі ұйымдарындағы «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы бағытындағы эксперимент алаңының семинар практикумы оздырылды.
Семинарға Орал қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Айнур Максотовна Нигметова және «Бастау» желілік қауымдастығына қарасты мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйым директорлары қатысты.

«Мен және менің үнім» тақырыбында өткен семинар мақсаты- бала психологиясын бала деңгейіне түсіп, әртүрлі педагогикалық әдістермен оның үнін тыңдау арқылы танып біліп, нәтижелі жұмыс ұйымдастыру болды.
Міндеті: - әр баланың бірегейлігін және жеке тұлға ретінде құндылығын тану;

 

  • оқу материалын қиындықсыз қабылдауды қалыптастыру;
  • баланың шығармашылық және жеке тұлғалық қабілеттерін анықтау, қоршаған ортада дамуы үшін жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже: - балалардың және олардың ата аналарының үнін тыңдау арқылы әрекет ету нәтижесінде педагогпен арасындағы қарым қатынасы жақсарады, балабақшаға деген көзқарастары өзгереді;

  • тәрбиеші, ата ана, бала арасындағы үштік одақ шынайы қалыптасып, сенімге бағытталған оң нәтиже орнайды;
  • Барынша ой-өрісі дамыған зерделі, парасатты, жан-жақты, дені сау ұрпақ қалыптасады.

Семинардың ашылуында қалалық білім беру бөлімі әдіскері Негметова А.М. сөз сөйлеп, семинарға сәттілік тіледі, ал «LauRus» балабақша гимназия директоры Бижанова Г.Н. қатысушыларды бағдарламамен таныстырып, тақырыпқа шолу жасады.
Семинар барысында «LauRus» балабақша гимназия педагогтері Каирлиева Б.Г. мен Айшуакова Р.А. «Айналайын» мектепалды тобында «Мен не үйрендім?» тақырыбында сауат ашу негіздері мен математика негіздерінен кіріктірілген іс әрекет өткізіп, балалардың 1 сыныпқа дайындық деңгейін көрсеткен болса, «Шахмат» үйірмесінің мұғалімі Адилгереев С.Б. және тәрбиеші Мәулешова М.Ж. «Балдырған» мектепалды тобында «Фигуралардың қорғанысы мен шабуылдауы» тақырыбында іс әрекет көрсетіп, балалардың танымы мен логикасының шахмат ойыны арқылы шыңдалғанын назарға ұсынды. Одан соң «Домбыра» үйірмесінің мұғалімі Тулеугалиева Н.Е. мен тәрбиеші Жумахметова Г.Е. «Ноталардың домбырада орналасуы» тақырыбындағы іс әрекеті барысында балалардың шығармашылық қызығушылықтарының оянғанын сездіре білді.
Сонымен қатар балабақшамыздың биылға оқу жылынан бастап іске қосылған жаңа жобасы – ата - аналардан құралған «Оқырмандар клубы» М.Әуезовтің «Қилы заман» кітабын талдап, өз пікірлерін ортаға салып бөлісті.
Қорытынды бөлімінде қатысушылар семинардың өтілуі туралы оң пікірлерін қалдырып, балабақшаның жұмысына жоғары баға берді.

 

Балабақшаларымызға қош келдіңіздер!

Кішігірім ROOM TOUR.
Балаларымызға сәтті, оң қадам тіледік!
Ғимаратымыз махаббатқа, жылулықпа, білім мен тәрбиеге толы болсын! Балаларымыздың жолдары ашық болып, қанаттары талмай, тек самғай берсін!

Көру

Көрме

previous arrow
next arrow
Slider