2024 жылдың 27 маусым күні «Бәрін білгім келеді» семинар практикумы оздырылды

2024 жылдың 27 маусым күні Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «LauRus2019» балабақша гимназиясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының АҚ БҚО кәсіби дамыту институтының тыңдаушыларына «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы бағытындағы эксперименттік алаңның семинар практикумы оздырылды.

Семинарға қатысушылар - облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің мектепалды сынып тәрбиешілері болды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының АҚ БҚО кәсіби дамыту институтының аға оқытушысы Ишангалиева Н.К семинардың кіріспе бөлімінде сөз алып, семинарға сәттілік тіледі.

 

Семинар барысында «LauRus» балабақша гимназия тәрбиешісі Жумахметова Г.Е. «Еркемай» мектепалды тобымен «Біз не үйрендік?» тақырыбында сауат ашу негіздерін шебер ұйымдастырып, балалардың 1 сыныпқа дайындық деңгейін көрсеткен болса, тәрбиеші Шаблиева Ж.Н. «Математика негіздерінен» «Біз не үйрендік?» тақырыбында іс әрекетін ұйымдастырып, балалар аса қызығушылықпен қатысты. Одан кейін бағдарламаға сай тыңдаушыларын қатыстырып шеберлік сыныптар, танымдық ойындар мен сергіту іс әрекеттері, айта кетсек балабақша тәрбиешісі Мәулешова М.Ж. «Допты ал» ойынымен педагогтерді сергітіп алса, тәрбиеші Алтаева Л.А. «Шарды түсірмей орында» ойынын ойнату арқылы, бала зейінін қалай тұрақтандыруға болатынын көрсетті, ал тәрбиеші Айшуакова Р.А. конструкторды пайдалану арқылы командалық жарыс ойынын өткізе отырып, балада көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытудан шеберлік сынып өткізді. Балабақша директоры Бижанова Г.Н. «Баланы тәрбиелеудің бес тәсілі» атты пікірталас шеберлік сыныбын ұйымдастыра отырып, жұмыс барысында кездесетін өзекті проблемалардың оңай шешілу жолымен бөлісті.
Қорытындылай келе, қатысушылар семинардың өтілуі туралы оң пікірлерін білдіріп, мол тәжірибе алғанын атап айтты.

Балабақшаларымызға қош келдіңіздер!

Кішігірім ROOM TOUR.
Балаларымызға сәтті, оң қадам тіледік!
Ғимаратымыз махаббатқа, жылулықпа, білім мен тәрбиеге толы болсын! Балаларымыздың жолдары ашық болып, қанаттары талмай, тек самғай берсін!

Көру

Көрме

previous arrow
next arrow
Slider